Қайыр тілеуге тыйым салынады
Қайыр тілеуге тыйым салынады
2 жыл бұрын 1150

Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі балаларды пайдаланып, қайыр тілеген ересектерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл жайында “Известия” басылымы хабар таратты. Бүгінгі таңда кәмелет жасына толмағандарды көлеңкелі бизнеске тарту, соның ішінде қайыр тілеу әдеті тыйылмай тұр. Осындай жолмен ақша табатындар РФ-ның Қылмыстық кодексінің 151 бабына сәйкес 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Аталмыш құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, бұл бапта кәмелет жасына толмағаны үшін немесе денсаулығына байланысты балалардың құқығы қарастырылмаған. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 151-бабын «кәмелет жасына толмағандарды пайдалану» ұғымымен толықтыру керек деп есептейді ІІМ өкілдері. Құқық қорғаушы Мария Ярмуш кейінгі кезде қайыр тілеу әдетінің елде белең алып кеткенін айта келіп, кәмелет жасына толмағандарды және ауру балаларды осындай «кәсіпке» баулып, ақша тауып жүргендерге қолданылатын жазаны күшейту керектігін алға тартып отыр. Елімізде де әбден толғағы жеткен бұл мәселеге билік қашан назар аударар екен? Түркия билігінің көшеде немесе қоғамдық орындарда қайыр тілеуге заңмен тыйым салғанын осыдан біраз уақыт бұрын хабарлаған едік.

0 пікір