Қай елде исламофобия кең таралған?
Қай елде исламофобия кең таралған?
9 жыл бұрын 2928

Бристоль университетінің докторы Нәбіл Хаттаб пен профессор Рон Джонсонның зерттеу нәтижесіне сәйкес кейінгі кезде кеңінен етек алып, өршіп кеткен исламофобиялық жат құбылыстан Британия мұсылмандары көп жапа шегеді екен. Жұмысшы күшінің статистикасын жүргізетін ұлттық орталықтың есебіне сәйкес осы елдегі мұсылмандар жұмысқа тұруда діни сеніміне байланысты көп кедергіге ұшырайды. Ұлыбританиядағы 14 этно-діни топтың ішінде ер-азаматтар бойынша мұсылмандардың 76 пайызының христиандарға қарағанда жұмысқа тұру мүмкіндігі аз екендігі анықталды.  Ал мұсылман әйелдерінің арасында бұл көрсеткіш 65 пайызды құраған.

0 пікір
Мұрағат