Қағбада африкалық азамат өзін Иса пайғамбармын деп мәлімдеді
Қағбада африкалық азамат өзін Иса пайғамбармын деп мәлімдеді
3 жыл бұрын 1801

Саудиялық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, жуырда мынадай келеңсіз оқиға орын алған: әл-Харам мешітінде әлдебір африкалық азамат Исмаил хұжырасына (қасиетті Қағбаның солтүстікке қараған қабырғасы мен әл-Хатымның жартылай шеңбер тәрізді қабырғасының арасында орналасқан) өрмелеп шығып, өзін «Иса пайғамбармын» (а.с.) деп жар салып, дүйім жұртты дүрбелеңге салды.

Харам мешітінің арнайы қауіпсіздік күшінің қолбасшысы, генерал Яхья әз-Захранидің айтуынша, ол өзінің үстіндегі киімін шешіп тастап, шамды үстелге атып ұрған. Мұнымен ғана тоқтамай тәуеп етіп жүрген қажыларға жұдырығын ала жүгірген.

Полиция өкілдері артынан анықтағандай, оның ақыл-есі ауысқан екен.

0 пікір