Қағба көшірмесі тәу ету үшін емес, тамашалау үшін жасалды
Қағба көшірмесі тәу ету үшін емес, тамашалау үшін жасалды
9 жыл бұрын 8369

Түркияның мәдени астанасы болып саналатын Ыстамбұл шаһарында Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) туған аптасын атап өту мақсатында ислами мұралар көрмесі ашылды. Онда ислам тарихынан және мәдениетінен сыр шертетін түрлі экспонаттар жұртшылықтың назарына ұсынылды. Бұл жайында timeturk.com ақпарат көзі хабар таратты. Көрмеге жолай соққан немесе әдейілеп келгендердің назарын ең алдымен қасиетті Қағбаның және исі мұсылманға қастерлі құлшылық үйлерінің көшірмесі аударған болатын. Түркияның дін істерімен шұғылданатын министрлігі бұл макеттерді тек көріп, тамашалау, ислам құндылықтарынан хабардар ету мақсатында жасалғандықтан оған тәу етуге болмайтынын халыққа айтып, түсіндірді. Яғни, аталмыш министрліктің жетекшісі Мехмет Гермез бұл макеттерді нұрлы Мекке мен Мәдина шаһарларындағы құлшылық құрылғылары секілді көріп, оған тәуап еткендерге әкімшілік жаза қолданылатынын ескертті. Ескерту айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен ккөрмеге келген Жиһад Д есімді түрік қорғаушысы қасиетті Қағбаның көшірмесін тәу етпекші болған. Оны тәртіп сақшылары полиция бөлімшесіне алып кетіп, бірнеше сағат тергеу жүргізгеннен кейін ескерту жасап, еркіне жіберген.

0 пікір
Мұрағат