Пұтқа табынушылар да Дарвиннің теориясына қарсы шығуда
Пұтқа табынушылар да Дарвиннің теориясына қарсы шығуда
6 жыл бұрын 2830 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанда білім беру мекемелерінде эволюция теориясын оқыту немесе оқытпау турасында талас-тартыс өршіп барады. Бұл мәселе елеусіз қалар ма еді, бір тұтанып тез сөнетін білтесі тұқылданған май шам секілді, егер оқу бағдарламасын эволиция теориясын алып тастауды адами ресурстарды дамыту жөніндегі мемлекеттік министр талап етпегенде. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Лауазымды қызметкердің айтуынша, Дарвиннің теориясы ғылыми өрескел қателік болып табылады. Сол себепті, білім беру тәсілін өзгерту қажеттігін алға тартып отыр. «Адам жер бетінде пайда болғалы адам болып қалды, қалған және қалады. Ешкім де, соның ішінде, ата-бабамыз да жазбаша да, ауызша да маймылдың адамға айналғаны турасында айтып кетпеген»,- деп мәлімдеді ол. Ол бұл мәлімдемесін Дели қаласындағы университеттің химия бойынша аспирантурасын бітірген білдей бір білікті маман әрі ғалым ретінде жасап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол адами ресурстарды дамыту жөніндегі министрліктің аталған даулы мәселе бойынша ғалымдардың басын қосып, олардың пікірін біліп көру мақсатында арнайы халықаралық жиын өткізуге дайын екенін де мәлімдеді. Осылай дей келе ол әлемнің әр түкпірінен ғылымның соңына түскен 10-15 ғалымның эволюция теориясының дұрыстығын дәлелдейтін айғақтың жоқтығын мәлімдегенін де алға тартты. Оның бұл мәлімдемесіне қарсы екі мыңнан аса ғалым петицияға қолдарын қойды. Петицияда министрдің мәлімдемесі ешбір ғылыми дәлелге сүйенбей жасалғаны, өателікке бой алдырғаны айтылған.

0 пікір
Мұрағат