Путин ядролық қарудан да қауіпті қатерді жайып салды
Путин ядролық қарудан да қауіпті қатерді жайып салды
6 жыл бұрын 5223 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин адамды белгілі бір сипат бойынша гендік тұрғыдан программалаудың атом бомбасынан да қауіпті екенін мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін жастар мен студенттердің бүкіл әлемдік фестивалінде жасады. РФ президенті гендік инженерияның адам жадын өзгертуге қабілетті фармакология саласындағы таңғажайып мүмкіндіктер туралы сөз қозғады. "Адам адамды белгілі бір сипат бойынша жасай алатынына анық көз жеткіземіз. Бұл данышпан математик, данышпан музыкант болуы мүмкін немесе соғысқанда үрейге бой алдырмайтын, жаны ашуды білмейтін, жаны ауырмайтын әскери адам болуы мүмкін. Білесіздер ме, адамзат бәлкім, жақын арада өте жауапты әрі күрделі кезеңді бастан кешіріп қалады өзінің өмірі сүруі мен дамуында. Менің қазіргі тілге тиек еткенім ядролық бомбадан да қауіпті",- деді ол. Осылай дей келе алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды кеңінен енгізу қажеттігін айта келіп, ол адамзатқа артылар жауапкершілікті, соның ішінде, адамгершілікті, теңдікті, әділеттілікті ұмытпай керектігін де ескертті. Әйтпесе, мұның арты жақсылыққа апармайтынын да қадап айтты. 

0 пікір
Мұрағат