Полиция электрошокермен жарақтандырылады
Полиция электрошокермен жарақтандырылады
4 жыл бұрын 1468 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Голландиялық полицейлерді қорғану мақсатында электрошокермен жарақтандыру туралы шешім қабылдайын деп жатыр. Аталған ел билігі. Тиісті шешім қабылданса, 17 мың полиция қызметкері тэйзермен жарақтандырылады. Кем дегенде бес жылдан кейін аталған ел полицейлерінің қару арсеналы электрошокермен толықтырылады. Осы мақсатта мемлекет қазынасынан 30 млн еуро қаражат бөлінеді. Алдымен жабдықтаушыларға тендер жарияланады. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері тейзерді пайдаланып үренуі тиіс. Осы жылдың қыркүйек айында голландық полицияның бас комиссары Эрик Акербоом (Erik Akerboom) әріптестерін электрошокермен жарақтандыру ісінің тым ұзаққа созылып кеткенін айтып шағымданған болатын. Өйткені,соңғы уақытта  қызмет барысында полиция қызметкерлері жиі зорлық-зомбылыққа ұшырап жүр. Өткен жылдың статистикалық дерегіне қарағанда, 10.593 рет полиция қызметкерлеріне күш көрсетіп, зорлық-зомбылық жасау оқиғасы тіркелген екен. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 9.598-ден аспаған болатын. Десе де халықаралық амнистия ұйымы полицияны электрошокермен жарақтандыруға қарсылық білдіріп отыр. Аталмыш ұйымның уәжі бойынша полиция қызметкерлері электрошокерді қорғану мақсатында ғана емес, тәртіп бұзғандарға немесе қылмыс жасағандарға негізсіз қолданып, қызметінде асыра сілтеушіліке жол беруі мүмкін. Осылайша азаматтардың денсаулығына қатер төндірмек.

0 пікір
Мұрағат