Пластиктен минут сайын екі адам өледі
Пластиктен минут сайын екі адам өледі
5 жыл бұрын 2291 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дамушы елдерде әрбір 30 секунд сайын пластиктік ластанудан бір кісі қаза табады. Бұл жайында халықаралық экологиялық ұйымдардың зерттеу нәтижесіне сүйенген Sky News ақпарат көзі хабар таратты. Ал жыл сайын пластикалық ластанудан өлетіндер қарасы 1 млн-ға дейін жетеді. Бұдан бөлек, палстикалық қалдық емі жоқ қатерлі ісікке шалдықтырып, безгек, т.б. ауруларды тудыруда. Осыған байланысты ғалымдар мен экологтар Coca-Cola, Nestlé, PepsiCo және Unilever секілді өнімдері дамушы елдерде жоғары сұранысқа ие алпауыт компанияларды пластик ыдыстар мен құтыларды екі есеге азайтуға шақырып отыр. Пластикалық ластанудың салдары мен зардаптарын зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Рут Валерио трансұлттық компаниялардың бұл бағыттағы қызметіне шектеу енгізуді уақыты әлдеқашан келгенін алға тартты. Аталмыш зерттеу жұмыстарын Tearfund халықаралық көмек көрсету және даму агенттігі, британиялық даму институты, сондай-ақ, WasteAid және Fauna & Flora International (FFI) ұйымдары жүргізді. 

0 пікір
Мұрағат