Питер Мансо: Ең алғаш Америкаға мұсылмандар келген
Питер Мансо: Ең алғаш Америкаға мұсылмандар келген
9 жыл бұрын 3531

The New York Times басылымының кешегі санында әкесі католик священнигі, ал шешесі монахиня болған, сонысымен де өмірбаяны өзгеше Питер Мансо есімді жазушы әрі тарихшының елді елең еткізген мұсылмандарға жағымды жаңалығы бар мақаласы жарық көрді. Ол мақаласында ислам дінінің Америка тарихында кобвой немесе родео секілді тамыры тереңде жатқанын жазыпты.Оның бұл мақаласын жазуына жуырда Техас штатында исламофобтардың кесірінен орын алған келеңсіз оқиға себеп болған екен. Нақтырақ айтқанда, имам дінаралық шараның ашылу салтанатында қасиетті Құран оқуы тиіс болатын. Алайда, исламофобтар жер тепкілеп, оның Құран оқуына мүмкіндік бермеген еді. Бұл турасында осыдан біраз күн бұрын өздеріңізге хабарлаған болатынбыз, құрметті оқырман. Сонымен, жазушы әрі тарихшы аталмыш мақаласында былай дейді: «Осы христиан еліне («АҚШ-ты айтып отыр – ред.) мұсылмандардың басып кіруі туралы ой жаңсақ. Бұған қоса, мұсылмандар бұл елге АҚШ мемлекеті құрылмай тұрып келген. Тек бірнеше адам емес, мыңдаған мұсылман келген». Оның айтуынша, 1528 жылы Эстеванико есімді марокколық құл қазіргі Техас жағалауына келген. Кейін ол христиан қожайынынан қашып құтылып, өз бетінше өмір сүреді. Екі ғасырдан кейін Луизиан плантаторлары Африкадан ауыл шаруашылығындағы тәжірибелерін пайдалану үшін мұсылман құлдарын арнайы алдыртқан. Плантаторлардың мұсылман есімдері кездесетін жазбалары әлі күнге сақталған. Құлдардың арасында Әбдірахман Ибрагим ибн Сори есімді африкалық ханзаданың және исла ілімінің оқытушысы Омар ибн Саидтың болғанын да айғақ ретінде келтіріпті мақаласында. Омар ибн Саид 1831 жылы өз өмірбаянын хатқа түсірген екен.  

0 пікір
Мұрағат