"Перінің" қажылығы (видео)
"Перінің" қажылығы (видео)
7 жыл бұрын 7006 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі аяқ до шебері, яғни, футбол перісі Поль Лабиль Погба ( Paul Labile Pogba) Фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында қажылық парызын өтеп жүрген сәтін, яғни, қасиетті Қағбаның жанында түскен өзінің видеосын жариялапты. Биыл Рамазан айын қасиетті сапармен қарсы алған футбол перісінің әлеуметтік желідегі бұл видеосын тамашалағандардың қарасы үш миллиондай адамға жеткен, он мыңнан аса адам лебіз білдірген. Ал футболшының өзіне келсек: "Өмірімдегі ең көрген жақсы нәрсем осы болды",- деп ағынан ақтарылыпты әрі әсерімен бөлісіпті. Естеріңізге сала кетейік, Поль Лабиль Погба ағылшындардың әлемге әйгілі «Манчестер Юнайтед» премьер-лигасында ойын өрнегін көрсетіп жүрген жартылай қорғаушы және Францияның ұлттық құрамасының гонорары ең көп ойыншысы. 

 

0 пікір
Мұрағат