Педофилдермен күресу үшін әйелдерге билік тізгінін беруді ұсынды
Педофилдермен күресу үшін әйелдерге билік тізгінін беруді ұсынды
10 жыл бұрын 3102

Жуырда Ұлыбританияда парламент депутаттары мен министрлік басшыларының балаларды зорлаумен айналысатын құпия ұйымының пайда болғаны жөнінде ақпарат таратты Би-би-си. Осы сорақылыққа байланысты елдегі мұсылман жамағатының беделді жетекшілері мен қоғам қайраткерлері кейінгі кезде тамыр жая бастаған педофилдікпен тиімді күресу үшін әрі балалардың құқығын қорғау үшін билік басына әйелдерді көптеп тартуды ұсынды. Британияның Ротерхэм қаласында 16 жасқа толмаған балаларды, дәлірегі, оңтүстік Азияда туған балаларды зорлап кетудің 1400-ден аса оқиға әшкере болып, осынау келеңсіздікке қатысты дәлел-дәйектер жұртшылықтың жағасын ұстатты.  «Мұндай мәселеде, кәмелетке толмағандарды зорлаумен күресу үшін әйелдердің белсенділігі қажет»,- деді Inspire әйелдердің құқық қорғау ұйымының директоры Сара Хан.

0 пікір
Мұрағат