Пациенттердің ағзаларын заңсыз алған
Пациенттердің ағзаларын заңсыз алған
9 жыл бұрын 2770 Russian Look

Мәскеу тергеушілері ауруханалардың бірінде 1973 жылы туған, инсульт алуына байланысты медицина мекемесіне жеткізілген әйел пациенттің ішкі ағзаларын алғаны жөнінде түскен шағым бойынша бұл ақпараттың растығын тексеріп жатыр. Ресей Федерациясының тергеу комитетінің Мәскеу қалалық бас басқармасында хабарланғандай, дәрігерлер туыстарының келісімінсіз қаза тапқан пациенттің ағзаларын алған. Бұл заңсыздық желтоқсан айының 12-і күні орын алған. Алайда, полиция бұл заңсыздық қай емханада орын алғандығын хабарлаған жоқ. LifeNews телеарнасының келтірген мәліметіне қарағанда, бұл сұмдық 81-ші нөмірлі ауруханада орын алған. Дәрігерлер 41 жастағы келіншекке ота жасаған екен. Алайда, пациент комаға түскен. Жансақтау бөлімінде жатқан әйелге туыстарын кіргізбеген екен.  Бірнеше күннен кейін әйелдің қаза тапқанын хабарлаған. Біраздан соң оның туыстарына аты-жөнін атамаған медицина мекемесінің қызметкері қоңырау шалып, дәрігерлердің әлі тірі әйелдің ішкі ағзаларын алмақ болғандығын жайып салған. Тергеушілер мәйітханаға жеткізілмей тұрып, дәрігерлердің әйел пациенттің қарнын жарғанын анықтады. Кейін белгілі болғандай, дәрігерлер пациенттің төрт бірдей ағзасын алған: бүйрек, қалқанша безін және бауырын. Қаза тапқан әйелдің артында 7 және 19 жастағы екі ұлы қалды. 

0 пікір
Мұрағат