Парсы шығанағы елдерінің полициясы ынтымақтасады
Парсы шығанағы елдерінің полициясы ынтымақтасады
9 жыл бұрын 4566

Парсы шығанағы елдерінің кеңесі өзара ортақ полиция қалыптастыру жобасын қолға алды. Бұл жайында «Манама үні» радиостанциясы Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Кеңеске қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрліктерінің басшылары аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға қатысты жоба ретінде Парсы шығанағының бірыңғай полиция күштерін қалыптастыруға кірісуі жөнінде пәрмен берді», - деді аталмыш кеңестің бас хатшысы Әбділәтіп әз-Заяни. Парсы шығанағы елдерінің ІІМ мамандары бұл жобаны жүзеге асыру үшін оның барлық аспектісіне, атап айтқанда, ұйымдастыру, әкімшілік және қаржылай аспектілерін зерттеген. Ортақ полицияның штаб-пәтері Әбу-Даби қаласында орналасады.

0 пікір
Мұрағат