Палестиналықтардың «Ашу-ыза күні» 10 жыл ішіндегі ең ауқымды наразылық шеруі болды
Палестиналықтардың «Ашу-ыза күні» 10 жыл ішіндегі ең ауқымды наразылық шеруі болды
10 жыл бұрын 3903

Өткен жұмада, яғни, шілде айының 25-і күні израилдіктер жаулап алған Құдыс шаһарының ауданында палестиналықтар «Ашу-ыза күні» деп аталатын аса ауқымды наразылық шеруін өткізді. Бұл наразылық шеруіне 10 000 палестиналық азамат қатысты. «Азу-ыза күнінің» өтуіне Израиль әскерінің бейбіт тұрғындар паналаған Біріккен Ұлттар Ұйымының мектебіне жасаған шабуылы себеп болды. Зымыран шабуылынан 15-тен аса әйелдер мен балалар опат бюолды. Шеруге шыққандар жұма намазынан кейін Иордан өзенінің батыс жағалауында Рамаладан Құдысқа дейін жүріп өтті. «Мызғымайтын жартас» әскери операциясы басталғалы бері соңғы мәліметке қарағанда Газа секторында  800-ден аса адам израилдіктердің оғынан опат болған. Он жылдың ішіндегі ең ауқымды акция кезінде 5 палестиналық азамат израилдік полицияның қолынан қаза тапты.

0 пікір
Мұрағат