Палестиналықтар Израил аумағында көне мешітті қалпына келтіреді
Палестиналықтар Израил аумағында көне мешітті қалпына келтіреді
10 жыл бұрын 2810

Палестинаның үкіметтік емес ұйымы Израилдің солтүстігінде орын тепкен арабтардың Акка шаһарындағы «Дар әл-Айтам» деп аталатын көне мешітті түріктердің қаржылай көмегімен қалпына келтіруге кіріскендерін мәлімдеді. «әл-Ақса» қорының өкілдері мәлімдегендей, көне мешітті қалпына келтіру үшін 10000 доллар қажет. Сондай-ақ, аталмыш қордың өкілдері бұл мешітті 1970 жылы Израил билігінің мұсылмандардан тартып алып, жөйт сарбаздарының оқу орталығына айналдырғанын жасырмады, кейін ұзақ уақыт бойы қаңырап бос тұрғанын да жайып салды.

0 пікір
Мұрағат