Палестиналық вундеркинд таң-тамаша қалдырды
Палестиналық вундеркинд таң-тамаша қалдырды
9 жыл бұрын 2878

14 жастағы Дания әл-Жәбір есімді палестиналық қыз Сингапурде өткен халықаралық математика байқауында жеңімпаз атанды. Бұл жайында палестиналық «Дүние әл-Батан» ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш байқауға әлемнің 15 елінен шамамен 1500 дарынды бала қатысқан. Палестинадан келген дарындылардың арасында тек Дания ғана емес, сонымен қатар, израилдіктер басып алған Хеврон қаласының тұрғыны 8 жастағы Ахмет Нашвияттың да бағы жанып, жүлделі орынға ие болды. Дания бар-жоғы 8 минуттың ішінде 230-дан аса аса күрделі есептерді шемішкеше шағып, тас-талқанын шығарып шешіп тастаған. Ал Ахмет осы уақыт аралығында 180-нен аса күрделі есептердің шешімін тапқан.

0 пікір
Мұрағат