Палестиналық тұтқын аштық жариялады
Палестиналық тұтқын аштық жариялады
9 жыл бұрын 3334

Палестиналық қарсылық көрсету қозғалысының белсендісі, 37 жастағы Қадыр Аднан өткен жылдың маусым айында осымен оныншы рет тұтқындалған болатын. Израил абақтысына жабылған ол үстіміздегі жылдың мамыр айының 5-і күні аштық жариялады өзін әкімшілік жолмен қамау мерзімін осымен үшінші рет ұзартқанына наразылық ретінде. Ұлының жайын ойлап, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмейтін 75 жастағы Умм Мұхаммед есімді анасы сусамырмен және гипертониямен сырқаттанады. Ұлының тұтқындалғаны туралы хабарды жергілікті телеарнадан ауруханада жатып естігенін жеткізді «Al-Monitor» ақпарат көзінің тілшісіне. Аднанның израилдік қауіпсіздік күштерінің әділетсіздігіне қарсы аштық жариялауы бір бұл емес. 2011 жылдың соңына таман ол 66 күн нәр сызбаған еді. 2012 жылдың сәуір айының 17-і күні оның бұл амалсыздан барған шарасы өз нәтижесін беріп, бостандыққа шыққан болатын.  

0 пікір
Мұрағат