Палестина басшысы қандай мәлімдеме жасады?
Палестина басшысы қандай мәлімдеме жасады?
9 жыл бұрын 3893

Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас мәлімдегендей, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданған Израиль басқыншылығын тоқтату жөніндегі қарар жүзеге асырылмаса, Палестина билігі еврейлермен қандай да бір келіссөз жүргізуден үзілді-кесілді бас тартады. Бұл жағдайда Израил тарапы басқыншы ретінде бар жауапкершілікті өз мойнына алады. Сондай-ақ, ол Палестина халқының өз құқығын қорғауы үшін бәріне де тас-түйін дайын отырғандығын жеткізді. Соның ішінде, Израиль түрмесінде жатқан палестиналық тұтқындарды қайтарып алуға да күш салатындарын мәлімдеді. Ол осылай дей келе Палестина халқының өз тәуелсіздігі үшін күресін тоқтатпайтынын әрі Құдыс қаласының Палестина мемлекетінің астанасы ретінде әлем жұртшылығын мойындауы үшін де табандылық танытатынын жария етті. Оның айтуынша, Палестина азат болмайынша Таяу Шығыстағы күрделі ахуалдың түйіні тарқамайды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қабылданған аталмыш құжат бойынша Израиль әскері 2017 жылдан қалмай Палестина аумағынан кетуі тиіс.

0 пікір
Мұрағат