Пәкістанда 3 мыңға жуық молда мен медресе ұстаздары қамалды
Пәкістанда 3 мыңға жуық молда мен медресе ұстаздары қамалды
2 жыл бұрын 836

Baq.kz сайтының шетелдік The Hindu ақпарат құралына сілтеме жасай отырып, таратқан хабарында айтылғандай, Пәкістанның арнайы қызметі лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен кемі 9 мың адамды қамауға алған. 

Қамалғандардың ішінде 3 мыңнан аса молда мен медресе ұстаздары бар. Сондай-ақ, тағы 3,5 мың ауған босқындары уақытша ұстау абақтысында. Қамауға алынғандардың ең көп бөлігі пуштундар жайлаған Хайбер-Пахтунхва провинциясына тиесілі. Мұнда барлығы 6702 адам тұтқындалған.

Айта кетейік, Пәкістан билігі лаңкестермен күресті күшейту мақсатында арнайы операциялар жүргізуді қолға алды. Осылайша мемлекет тәлібтерді әлсіретіп, түп-тамырымен жоямыз деп білек түріп отыр. Аталған операцияларға барлық күштік құрылымдар мен еріктілер де тартылуда.

0 пікір