Пайғамбарымызға (с.а.у.) тіл тигізген Мұхаммед өлім жазасына кесілді
Пайғамбарымызға (с.а.у.) тіл тигізген Мұхаммед өлім жазасына кесілді
9 жыл бұрын 4296

Пайғамбарлар падишасымен (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) аттас 30 жастағы Мавритания тұрғыны діннен безгендер үшін жаза қарастырылған 306 бап бойынша айыпталып, яғни, Екі әлем сардарына (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) тіл тигізгені үшін өлім жазасына кесілді. Арабтардың бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Мұхаммед Шейх Уалад Амхатира жергілікті сайтта жариялаған мақаласында Адамзаттың асыл тәжіне (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) тіл тигізген көрінеді. Алайда, ол өз кінәсін мойындамай отыр. Нақтырақ айтқанда, ол Пайғамбарымызға (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) тіл тигізуді ойына алмағанын және бұл ісіне өкінетінін жеткізген. Қазіргі уақытта Мавритания түрмесінде өлім жазасына кесілген 52 тұтқын отыр. 1989 жылдан бері бұл елде бірде-бір өлім жазасы қолданылмаған екен. Әдетте бұл елде кісі қанын мойнына жүктегендер мен терактіні ұйымдастырып, жүзеге асырғандар өлім жазасына кесіледі. 

0 пікір
Мұрағат