Пайғамбарымыздың (с.а.с.) христиандарға жазған хаты табылды!
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) христиандарға жазған хаты табылды!
3 жыл бұрын 5126

Синай түбегіндегі бір шіркеуден екі әлем сардары Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) христиандарға жазған хаты табылды. 620 жылы жазылған бұл хатты христиандардың қолына сахаба Әли ибн Әбу Тәліп табыс еткен екен. Баға жетпес осынау жәдігерде христиандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, наным-сенім бостандығына қол сұқпау т.б. қадау-қадау мәселелер қозғалған. Осы мәселелерге қатысты мұсылмандардың міндеттері мен жауапкершілігі де айтылған. Жәдігердің шынайылығы Османлы сұлтаны бірінші Сәлімнің тұсында расталған. Қолжазба сол уақытта Константинополь қаласындағы кітап сақтау қоймасында болған екен.  

Хаттың мазмұны былай: «Бұл хат Мұхаммед ибн Абдұлладан. Біз, Алланың құлдары,ансарлар және біздің соңымыздан ерушілер, христиандарды, бізден мейлі алыс, мейлі жақын болсын, өзіміздің қорғауымыз бен қамқорлығымызға аламыз. Христиандар – біздің қамқорлығымызда!

Алланың атымен ант етемін, мен оларды алаңдататын, тыныштығын бұзатын нәрселелерге жол бермеймін. Соттары өз қызметтерінде қалады, діни қызметкерлері шіркеулерінен қуылмайды. Ешкімге ғибадатханаларын бұзуға, ондағы мүліктеріне қол сұғуға, үйлеріне тасуға рұқсат бермеймін. Егер кім де кім бұл айтылған талаптарды бұзатын болса, ол Алла Тағаламен келісімді бұзғаны және Оның Пайғамбарына бойұсынбағаны.

Ақиқатында, олар (христиандар) менімен келісімге отырған, ал менің міндетім оларға біздің тарапымыздан зәбір көрсетпеу. Ешкімге оларды өз үйлерінен шығарып жіберуге, соғысуға міндеттеуге рұқсат жоқ. Керісінше, мұсылмандар оларды қорғау үшін соғысуға міндетті.

Егер мұсылман христиан бір қызға үйленуді қаласа, олардың келісімімен ғана некелесуі тиіс және мұсылман күйеу әйелінің шіркеуді зиярат етуіне тыйым салмасын. Шіркеулерге құрмет көрсетілуі тиіс, оны өзгертуге немесе бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Қиямет күніне дейін Ислам үмбеті мүшелерінің ешқайсысына бұл келісімді бұзуға рұқсат жоқ». 

16 пікір
  • Маа ша а Аллаһ! Рахым Пайғамбарының (с.а.с) әрбір ісінен адамзатқа деген мейірімділік самалы есіп, әділдік принципі көрініс табады...
    3 жыл бұрын
  • САҒЫНДЫҚ СЕНІ ИА РАСУЛаЛЛАҺ с.ғ.с
    3 жыл бұрын
    • Айналайын, Думан, АЛЛАһқа деген жүрегің ашық екен! АЛЛА жарылқасын!
      3 жыл бұрын
  • Қойындар бауырлар бұл жерже олай жазылып тұрған жоқ. Бұл көріністегі сурет хат емес, немесе сурет толық түспеген. Мына сурет жай араб каллиграфиясы ғана. ТЕк қара әріппен "Мұхаммед Аллах елшісі" деп қана жазылып тұр.
    3 жыл бұрын
    • Жалғас Асхат, бұл жерде сурет жай шартты түрде ғана алынған. Ол хат дегенді білдірмейді.
      3 жыл бұрын
  • Недеген керемет хат! Алла разы болсын осындай қасиеттіде қымбатты дүниенің сақталғанына. Суреті болғанда өте керемет болушы еді.
    3 жыл бұрын
  • Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!
    3 жыл бұрын
  • ягни христиан дининдеги кызга мусылман уйленетин болса мусылман христиандык кызды оз дининде калдырады ма? сонда куйеуи намаз окып жатса айели шокынып тура ма? не жазгандарынды мукият окындар! жане касиетти куранда Аллах айтады : яхуди мен христианды дос кылдым, сендер олармен дос болмандар дос болсандар сендерде солардан болгандарын! дейді,
    3 жыл бұрын
  • Дінде зорлық жоқ, сол үшін сен христианға үйленсең, оған күштеп ислам дінін үйрете алмайсың, ол кісі сенің дініңе қызығып, ұнатып содан соң мусылман атануы керек, Аллах Расулы (с.а.с.) осыны айтып тұр деп ойлаймын. Ислам діні бейбітшілік,даналық,тазалық діні. Біз алдымен өзімізді дұрыстау керекпіз содан кейін басқалары бізге қарап дұрысталады. Біреуге намазды күштеп оқытсаң ол сен үшін ғана оқиды, шындығында ол өзі түсініп,сүйсініп Жалғыз Жаратушысын танып өзінің ақыреті үшін оқып үйрену керек. Сүйікті Пайғамбарымыз осыны айтып кеткен деп ойлаймын!!!
    3 жыл бұрын
  • Ислам дінін күшпен емес "Рекламамен" жеткізу керекпіз басқа діндегілерге Ағайын))))) біздің дін олардыкінен жақсырақ екенін іс қимылмен, әділдікпен көрсетуіміз керек.
    3 жыл бұрын
    • мен куш корсету туралы соз козгагам жок! мусылман адам озге диндеги адамга уйлене алмайды ойткени шаригат руксат етпейди тек озге диндеги адам исламды кабылдаса гана уйленуге руксат! жане тагы бир сурак бул хатты христиандар сактапты да сонда Аллахтын китабы болган тауратты инжилди озгерткендер пайгамбардын хатын да озгерте алмайд дегилерин келе ма? жане тагы сурак бул жерде мусылман христианды коргап согысу керек депти? сонда христианды коргап киммен согысамыз? куранды жеткизушилер мусылмандармен ба?
      3 жыл бұрын
      • Бауырым Нұрбек! Құран кәрімді жақсылап тағы да бір рет оқып шық, осы статьяны оқып отырған адамдарды адастырма!, Құран Кәрімде Мәида сүресінде 5-ші аятында былай деген:
        Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дердің тамағы (бауыздағандары) халал етілді. Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді. Және мүміндерден абыройлы әйелдермен әрі сендерден бұрын Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дерден де абыройлы әйелдермен мәһерлерін беріп, бой суытушы, астыртын көңілдес болмай үйленулерің халал етілді.
        Сенің шариғатымыз христиандардан қыз алуға рұқсат етпейді дегенді қайдан алдың? Дәлел бар ма? Құраннан бір сүрені немесе хадистен оқып алып бірден пәтуа бере салма! Сенің келтіріп отырған дәлелің (яхуди мен христианды дос кылдым, сендер олармен дос болмандар дос болсандар сендерде солардан болгандарын!) Маида сүресінің 51 аяты: Әй мүміндер! Яһудилер мен Христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-біреулерінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында Алла залым елді тура жолға салмайды. бұл достық жағдайына айтылған. Білмейтін нәрсеңді білмеймін десең оғанда сауап бар бауырым.
        3 жыл бұрын
        • ма ша Аллах!
          3 жыл бұрын
        • расында білетінімнен білмейтінім көп! мен пікірталасқа айналдырғым келмейді! дұрысын Аллах біледі!
          3 жыл бұрын
        • ренжимениз! Бакара суреси 221 аят (221) Мүшрік қатындармен олар иман келтіргенге дейін үйленбеңдер. Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық. Егер сендерді қызықтырса да. Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мүмін әйелдерді де үйлендірмеңдер. Егер олар сендерді қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мүмін құл артық. Олар, тозаққа шақырады да, Алла өз ұйғаруымен жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді., олар иман келтирмейнше мусылмандар уйлене алмайды, муширик копкудайшылдар христианга катысы бар олар крестке табынады емес па?
          3 жыл бұрын
Мұрағат