Пайғамбарымыз (с.а.у.) 1 миллион мұсылманды аяғынан тік тұрғызды (ФОТО)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) 1 миллион мұсылманды аяғынан тік тұрғызды (ФОТО)
9 жыл бұрын 10675

Кеше Шешенстанның Грозный қаласында Пайғамбарымызға (с.а.у.) карикатура салған француздық «Charlie Hebdo» журналына қарсы шеру ұйымдастырылды. Шеруге 1 миллионға жуық адам қатысты. Бұл шараға Шешенстанның президенті Рамзан Қадыров мұрындық болды.

Аталмыш шараға тек Шешенстан халқы ғана емес, сонымен қатар, өзге де елдерден келіп қатысқандар болды. Солардың арасында Пайғамбарымыздың тікелей ұрпағы шейх Хабиб Али Жифри, Ресей мүфтилер кеңесі мен Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдин, Махачкала және Грозный епископы Варлаамды ерекше атап өтуге болады. 

Шеруге шыққандар қолдарына «No Charlie Hebdo», «Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.а.у.) қолыңды тарт!», «Біз карикатураға қарсымыз! Сүйікті Пайғамбарымызды қаншалықты сүйетінімізді сендер бәрібір түсінер емессіңдер!», «Мұхаммед – адамзаттың ардақтысы» деген жазулар ұстап шыққан.

Наразылық шеруінің мақсатын атап өткен Шешенстан президенті Рамзан Қадыров: «Бұл наразылық шеруі Пайғамбарымызға қатысты карикатура жариялағандарды қолдайтындарға қарсы шеру, бұл шеру мұсылмандардың діни сенімдерін аяққа таптайтындарға қарсы шеру, бұл шеру діни және ұлтаралық араздықты қоздырушыларға қарсы шеру!» – деді.

Сондай-ақ, ол шеруге қатысушылар карикатура салғандарды және оны сөз бостандығы деп қолдаған саясаткерлерді айыптайтынын жеткізді. «Бүгінде біз Еуропаның Париждегі қантөгістен тиісті қорытынды шығармағанын көріп отырмыз. Франция үкіметі қан төккен лаңкестер мен бұған өздерінің карикатураларымен түрткі болып отырған журналистерді айыптағанның орнын қантөгіске әкеп соғатын бетімен кетушілікті жақтаған лозунгтермен көшеге шығып шоу ұйымдастырды», – деді ол.

Пайғамбарымыздың тікелей ұрпағы болған шейх Хабиб Али Жифри Рамзан Қадыровқа «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) қорғаушысы» атағына лайық екенін айтты. «Сізді қасиетті жәдігерлердің, тәбәріктердің сақтаушысы ретінде танимын. Сондай-ақ, Сүйікті Пайғамбарымызды қаншалықты сүйетініңізді де жақсы білемін. Сондықтан да, сізге «Пайғамбарымыздың қорғаушысы» мәртебесін де бергім келеді», – деді ол.

Мінберге шығып сөз алған Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин де лаңкестік пен діннің екі бөлек нәрсе екенін тілге тиек етті: «Террористердің не жекелеген адамдардың қылмыстарына қарап дінді кінәлауға болмайды. Осы жерге жиналғандар, Ресей мұсылмандары, жалпы барлық әлем мұсылмандары «Ислам ол – бейбітшілік!» екенін айтамыз. Алла бізден бейбітшілік пен махаббатты жаюды әмір етеді. Біз баршамыз терроризм мен қылмысқа қарсымыз!», – деді ол. 

 

 

5 пікір
  • АЛЛАХУАКБАР, АЛЛА разы болсын олардан
    9 жыл бұрын
  • Алланың ұлық екені ақиқат.Алла Тағаладан Рахмет, Сүйікті Пайғамбарымыздан с.ғ.с шапағат болсын.
    Пайғамбарымыз с.ғ.с біздің жүрегімізде. Алла Разы болсын, Пайғамбарымызға с.ғ.с деген махаббаттарына.
    9 жыл бұрын
  • Аллахумма солли гала саидиина Мухамадиннин набиин о галлаа алейхи уасохбихи уассалим!!
    9 жыл бұрын
  • Аллаhумма салли ‘аля саййидина Мухаммадин ва ‘аля алиhи ва сахбиhи ва саллим
    9 жыл бұрын
  • Альхамдуллах! Алла барлык мусылмандарды сактай гор!
    9 жыл бұрын
Мұрағат