Өзіне-өзі қол жұмсау бойынша кеңес берген онлайн-нұсқаушы сотқа тартылды
Өзіне-өзі қол жұмсау бойынша кеңес берген онлайн-нұсқаушы сотқа тартылды
10 жыл бұрын 9996 news.sky.com/

Бұрын медицина қызметкері болып жұмыс істеген, онлайн режимінде өз-өзіне қол жұмсау жөнінде кеңес берген нұсқаушы түрмеге тоғытылатын болды. Оған азаматтарды суицидке итермеледі деген айып тағылып отыр. Sky News ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Уильям Мелчерт-Динкель есімді Миннесота елді-мекенінің 52 жастағы тұрғынының кеңесіне «құлақ асқан» екі адам өздеріне қол жұмсап, мерт болған. Олардың біреуі Ұлыбритания азаматы болса, екіншісі Канада тұрғыны. Кейін белгілі болғандай, «нұсқаушы» өз-өзіне қол жұмсауға бейім – жалғызбасты, күйзеліске түскен, т.б. факторлардан өмірден торыққан, түңілген жандардың түрлі ғаламтор сайттарына жиі кіріп, осы тақырыпта өткен форумдарға қатысқан. Мәселен, 2005 жылы ол 32 жастағы ағылшын азаматы Марк Драйброуға веб-камера арқылы қалай қиналмай өлуге болатынын айтып, кеңес берген. Келесі құрбандығы – 18 жастағы Оттава университетінің студенті болған. Оған арқанды қалай байлау керектігін, қандай жіпті пайдалану керектігіне дейін тәпіштеп айтып берген. Алайда, сутдент қыз оның бұл кеңесіне «құлақ аспай» көпірден секіріп, мерт болған.  2008 жылы орын алған қайғылы оқиғаға тікелей кінәлі болмаса да студент қыздың өз-өзіне қол жұмсауына жанама жолмен ықпал еткені үшін айыпталып отыр. Ол ол ма, студент қызды өмірінің соңғы сәттерінде камераға түсіріп алуға да көндірген екен. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Марк бірнеше адамның өліміне кінәлі деп танылды. Әрі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оның қылмыстары қалай әшкере болды? Ағылшын азаматының анасы өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқан ұлының кімдермен тілдескенін тексермей ме, нәтижесінде, «нұсқаушының» он шақты адамға осындай кеңес бергені белгілі болды. Айта кетерлігі, 2011 жылы ол екі адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп айыпталғынамен, артынан ақталып шыққан болатын.

0 пікір
Мұрағат