Өзбекстаннан екі басты жылан табылды
Өзбекстаннан екі басты жылан табылды
9 жыл бұрын 9551

Өзбекстандағы Әндіжан облысы Алтынкөл ауданының тұрғыны Мұхаммадзулун Тұрғынов өзінің учаскесінде шөп арасынан екі басты жылан ұстап алды.

Бұл туралы nur.kz ақпарат көзі Қазақпарат-қа сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Жыланның ұзындығы 30 см, екі тілі де бір уақытта қимылдайды.

Тұрғыновтың сөзіне қарағанда, оның әкесі 1969 жылы тап осы аумақта екі басты жыланның мекен ететіндігін айтқан.

Екі басты жылан жақын уақытта зерттеу жүргізу үшін мамандарға беріледі. Бұдан бұрын екі басты жыландар Испанияда, Түркияда, Германияда, Армения және Ресейде табылған болатын.

0 пікір
Мұрағат