Өзбекстан ЖОО-лары қабылдау емтиханына түрік тілін қосты
Өзбекстан ЖОО-лары қабылдау емтиханына түрік тілін қосты
5 жыл бұрын 2086 arhar.kz

Өзбекстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін үміткерлер шет тілі ретінде түрік тілінен емтихан тапсыра алады. Бұл үкіметтің оқуға қабылдау туралы шешіміне енгізілген толықтырулардың бірі. Қабылдау үшін қажетті құжаттар қатарынан медициналық анықтама (086-У формасы) алынып тасталған. Жазбаша емтихандар шифрланған түрде өткізіледі. Бакалавриатта үш пән бойынша емтихан тапсыру үшін үміткер 189 ұпайға дейін жинай алады. Сырттай оқу бөліміне арналған құжаттар 1 шілдеден бастап 30 шілдеге дейін қабылданады, түсу емтихандары кем дегенде үш пән бойынша 16-25 тамыз аралығында өткізіледі. Магистратураға түсу кезінде сұхбаттасу  мамандық бойынша сұрақтарға байланысты, сондай-ақ, информатика, Өзбекстандағы демократиялық қоғам құру теориясы мен практикасы бойынша емтихандар жойылды. Үкімет құжаттарды қабылдауды жеңілдетілуін  қарастырды. 1 мамырдан бастап үміткерлер университеттің орналасқан жеріне қарамастан, өз қалаларында Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы түсуге өтініш бере алады.

0 пікір
Мұрағат