Өзбекстан әуежайында намазхана ашылды
Өзбекстан әуежайында намазхана ашылды
6 жыл бұрын 2339 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ташкент қаласындағы өзбектердің тұңғыш президенті Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда намазхана ашылды. Бұл жайында "Өзбек әуежолы" ұлттық әуе компаниясы өткізген баспасөз мәслихатында айтылды. Намазхана аталған әуежайдың терминалдарының бірінде ашылған. Онда дәрет алуға арнайы орын бөлінген. Тәулік бойы есігі ашық тұрады. Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған елде 32,5 млн халық тұрады. Оның 94%-ы мұсылман. 3,5%-ы православ христиандар, қалғаны өзге наным-сенімдегі азаматтар. 

0 пікір
Мұрағат