Өз аумағындағы қазба байлықты игеруден бас тартқан ел
Өз аумағындағы қазба байлықты игеруден бас тартқан ел
3 ай бұрын 399 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нидерландының климат саласындағы саясат және экономика министрі Эрик Уибс голландық заң шығарушы органына жолдаған хатында Гронинген провинциясындағы газ кен орнын бұрғылау жұмыстарын тоқтататынын жазыпты. Бұл жайында Associated Press ақпарат агенттігі хабар тараттын. Осылайша, аталған ел билігі елдің солтүстігінде орын тепкен аса ауқымды, жерасты кен орнынан газ өндіруді тоқтатпақ. 2022 жылдың орта шенінде. Айта кетейік, бұл кен орнының игеріліп жатқанына 10 жыл толады екен. 2022 жылы. Голландия билігінің мұндай қадамға баруына соңғы уақытта аталмыш кен орнын игеруден жиі орын алған зілзала түрткі болып отыр. Соңғы жылдары аталған себептен орын алған жер сілкінісінен мыңдаған үйге зақым келген. Өткен жылы ғана аталмыш ел билігі бұл кен орнын игеруді 2030 жылы доғаратынын мәлімдеген болатын. Алайда, жиі қайталанатын зілзаладан аталған мерзімді 2022 жылға белгіледі. Келесі, яғни, 2020 жылы газ өндіруді 11,8 млрд текше метрге дейін кемітпек. Осының нәтижесінде мемлекет қазынасы 400 млрд еуродан қағылатын болды.

0 пікір
Мұрағат