Ортақ өгізден оңаша бұзау артық: Ұлыбритания ЕО құрамынан шықты
Ортақ өгізден оңаша бұзау артық: Ұлыбритания ЕО құрамынан шықты
5 жыл бұрын 6123 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еурполық кеңес Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан келесі жылдың көктемінде шығу туралы келісімін мақұлдады. Бұл жайында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда. "Еуропалық кеңес Еуропа комиссиясына, пароаментіне және өзге де құзырлы органдарға аталмыш келісімнің 2019 ылдың наурыз айының 30-ы күні күшіне енуіне қажетті шараларды қолға алуды ұсынады",- деп айтылған Еуроодақтың баспасөз қызметінің хабарында. Десе де Ұлыбритания ЕО құрамынан шыққанымен бұрынғыша тығыз қарым-таныста болып, экономикалық әрі саяси байланысын үзбейді. Енді ресми емес жағына тоқталсақ, Ұлыбритания неге ЕО құрамына шықты? деген сауалдың түп-төркініне үңілсек, аталған елдің ЕО құрамынан шығуына ешқандай саяси себеп немесе қандай да бір қысым себеп болған жоқ. Ең алдымен бұл таза прагматикалық шешім екенін айта кету керек. Яғни, Ұлыбритания әлемдік қаржы орталығы. Әлемнің аса ірі қор биржалары аталған елде орналасқан. Бұдан бөлек, аса ірі капитал жиналған ел. Өз елінің билігімен сиыспай, кланаралық тартыста жеңіліс тапқандардың дені Ұлыбританиядан саяси пана сұрап жатады. Әлбетте, бұл жағынан алғанда, Ұлыбритания капитал, инвестиция тарту үшін қашқан-пысқан олигархтарды қанатының астына алуға дайын ел. ЕО құрамынан шығуының негізгі себептерінің бірі осында жатыр. 

0 пікір
Мұрағат