Орта Азияда денсаулыққа қатері төмен ел – Қазақстан
Орта Азияда денсаулыққа қатері төмен ел – Қазақстан
9 жыл бұрын 2964

Халықаралық International SOS ұйымы әлемдегі түрлі елдер тұрғындарының денсаулығына төнетін қатердің деңгейін көрсететін рейтингісін жариялады. Денсаулыққа төнетін қатер деңгейінің ресми картасына қарағанда биыл еліміз Орта Азия бойынша ең төмен сатыда тұр. Яғни, Қазақстан Орта Азия елдері арасында денсаулыққа төнетін қатер деңгейі ең төменгі елдер санатына кірген. Еліміздегі ірі қалаларда сапалы медициналық көмек алуға болатыны аталмыш рейтингтегі көрсеткішімізді жақсартқанын айта кету керек. Алайда, ауылдық жерлерде, шалғай елді-мекендерде мұндай медициналық көмек алу қиындық тудырады. Ал көрші жатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан денсаулыққа қатері жоғары елдер санатына кірген. Аталған елдерде медициналық қызмет көрсету деңгейі төмен, қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығы немесе дәрі-дәрмекті сақтау сапасы сын көтермейді. Оның үстіне, бұл елдерде инфекция жұқтыру қатері жоғары болып шыққан. Осы елдер арасында, әсіресе, Қырғызстанда денсаулыққа төнетін қатер деңгейі тым жоғары болып шыққан. Қырғызстаннан бөлек, мұндай қатерлі көрсеткіш Африканың бірқатар елдерінде, Солтүстік Кореяда, төрт жылға созылған азаматтық соғыстан титықтаған Сирияда, Иракта және Ауғанстанда байқалған. Ал денсаулыққа қатері аз елдерге дамыған мемлекеттердің бәрі кірген.   

0 пікір
Мұрағат