Орта Азия: Ең арзан қажылық Қырғызстанда
Орта Азия: Ең арзан қажылық Қырғызстанда
2 жыл бұрын 683

 

Орта азия бойынша ең арзан қажылық Алатаудың ар жағындағы айыр қалпақты ағайындарда болып шықты. Нақтырақ айтқанда, бұл елде қасиетті сапарға аттану құны шамамен 400 долларды құрайды. Бұл жайында көрші жатқан елдің бас мүфтиінің орынбасары Замир қажы Ракиев наурыз айының 13-і күні өткен баспасөз мәслихатында айтты. Ал Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда қажылыққа аттану құны – 4000-5000 доллар төңірегінде екен.

 

Өзбекстанды үш жыл құрғақшылық жайлауы мүмкін

«Азаттық» радиосының хабарлауынша, Өзбекстанды қатарынан үш жыл құрғақшылық пен қуаңшылық жайлауы мүмкін. Оған бүкіл Өзбекстан аумағына дейін жететін 19 500 000 000 текше метр суды қабылдауға мүмкіндігі бар Тоқтағұл су қоймасындағы судың деңгейінің төмендеуі себеп болып отыр. Осыған байланысты Өзбекстанға тек 300 000 000 текше метр су ғана бөлінетін болды. Бұрын бұл көрсеткіш 6-7 000 000 000 текше метрге жетіп жығылатын. Ресми мәліметке қарағанда бұл елде судың 91,5%-ы немесе 53 524 200 000 текше метрі ауыл шаруашылық мақсатында, яғни, суғармалы жерлер үшін пайдаланады. Қалғаны халықтың өзге қажет өтеуге жұмсалады. Өзбекстан судың көп мөлшерін Қырғызстаннан алады. Алайда, Тоқтағұл Гидроэлектр стансасының жұмысы тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұр. Қазіргі уақытта аталмыш су қоймасында бар-жоғы 6 800 000 000 текше метр ғана су бар. «Бұл 1-2 немесе ары кеткенде 3 жылға дейін созылуы мүмкін»,- деп мәлімдеді Қырғызстанның энергетика министрінің орынбасары Райымбек Мамыров. Мұндай жағдай соңғы рет 2008-2009 жалдары орын алған болатын.

1 пікір
  • Осы мәселе жаман! Умра жасағанда әрі кетсе 1500 доллар алынады. Сонда коп болса 3-5 күн артық қажылық 4500 доллар. Меккемен Мадина қаласында сол 10 жыл бурын болған бағалар, ушақтар чартер мен арзан, сонда қажылықа апарғанды сауда қалған компанияларды жою керек. Ол муфтийдың басын ауртатын ой болу керек...
    2 жыл бұрын