Орта Азия елдерінің әскери қуаты: Қазақстанның әлеуеті кімнен төмен?
Орта Азия елдерінің әскери қуаты: Қазақстанның әлеуеті кімнен төмен?
1 ай бұрын 486

КСРО құлағаннан кейін азаттық алған барлық посткеңестік республикалар өздерінің қарулы күштерін құрды. Bairaq.kz порталы сіздерге салыстырмалы түрде Орта Азиядағы елдердің армиясының бүгінгі ахуалы туралы ақпарат ұсынбақ. 
Екі елді салыстырғанда сынға түсетін салының бірі – әскери қауқар. Global Firepower Index платформасы жыл сайын әлемнің барлық елдерінің қарулы күштері туралы рейтинг жариялап отырады. Рейтинг 50-ден астам факторларды екшеп, нәтижесінде тізім жасайды. 
Рейтинг құрастыру кезінде төмендегідей талаптар қатаң сақталуы тиіс: 
- ядролық қару бағаланбайды; 
- елдің географиялық ерекшеліктеріне мән беріледі; 
- рейтингтегі баға қару-жарақ саны мен техникаға ғана қатысты болмауы керек;
- бағалауда түрлі ресурстарды пайдалану мен өндіру әлеуеті есептеледі; 
- теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерден теңіз қарулы күштері болмағаны үшін балл азайтылмайды; 
- әскери мүмкіндік шектелген жағдайда балл азайтылады; 
- бағалауда елдің әскери немесе саяси басшылығы рөл ойнамайды. 
Енді бірнеше мемлекеттің әскери әлеуеті туралы ақпарат берелік. Салыстыруды сізге қалдырдық, құрметті оқырман!

ӨЗБЕКСТАН 

Өзбекстанның Қарулы күштері Орта Азиядағы ең мықты армия болып саналады. 1992 жылы 14-қаңтарда құрылған армия құрамында әскери басқарма, құрлық әскері, әуе күштері, теңіз күштері, ұлттық гвардия және кеден қызметі сынды бағыттар бар. 
138 мемлекеттің әскери әлеуетін салыстырып, рейтинг жасайтын Global Firepower Index агенттігінде 52-орында тұр. 
Әскери қызметкерлерінің жалпы саны – 50 000.
Армиясының жылдық бюджеті – 975 000 000 доллар. 

ҚАЗАҚСТАН 


Қазақстанның Қарулы күштері 1992 жылы 7-мамырда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен құрылған. Қарулы күштер қатарына әскери басқармалар, құрлық әскерлері, әуе күштері, теңіз күштері, аэромобильді күштер, арнайы құрам, әскери-жаттығу нысандары, әскери-ғылыми мекемелер мен басқа ұйымдар кіреді. 
Global Firepower Index агенттігінде 63-орында тұр. 
Әскери қызметкерлерінің жалпы саны – 132 000. 
Армиясының жылдық бюджеті – 4 000 000 000 доллар. 

ТҮРІКМЕНСТАН

Түрікменстанның Қарулы күштері 1992 жылы 28-қаңтарда құрылған. Құрамына әскери басқармалар, құрлық әскерлері, әуе күштері, теңіз күштері мемлекеттік кеден қызметі және басқа ұйымдар кіреді. 
Global Firepower Index агенттігінде 77-орында тұр. 
Әскери қызметкерлерінің жалпы саны – 22 000. 
Армиясының жылдық бюджеті – 200 000 000 доллар.

ТӘЖІКСТАН


Басқа мемлекеттерден Тәжікстан Кеңес армиясынан ештеңе алмауымен ерекшеленеді. Тәжікстанның Қарулы күштері 1993 жылдың 22-ақпанында құрылған. Құрамында құрлық әскері, мобильді күш, әуе күштері, арнайы әскерлер, әуе-десанттық күштері, президенттік ұлттық гвардия және қауіпсіздік мекемелері кіреді. 
Global Firepower Index агенттігінде 94-орында тұр. 
Әскери қызметкерлерінің жалпы саны – 9000. 
Армиясының жылдық бюджеті – 1 600 000 000 доллар.

ҚЫРҒЫЗСТАН 

Қырғызстанның Қарулы күштері 1992 жылдың 29-мамырында құрылған. Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың бұйрығымен армияның заңнамаларының бір бөлігі Кеңес армиясынан алынды. Құрамында құрлық әскері, әуе күштері, мемлекеттік кеден қызметі және Қырғызстанның ұлттық гвардиясы бар. 
 Global Firepower Index агенттігінде 98-орында тұр. 
Әскери қызметкерлерінің жалпы саны – 11 000. 
Армиясының жылдық бюджеті – 20 000 000 доллар.

0 пікір
Мұрағат