Өрт сөндірушілерді адам тілімен шақырған тотықұстар ажалдан аман қалды
|

АҚШ-тағы Айдахо штатында таңқаларлық оқиға болды. Мұнда өртке оранған үйде қалып қойған екі тотықұс адамдарша көмекке шақырып, ажалдан аман қалды. Бұл жайында nur.kz сайты 24.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Олар “Help! Fire!” (“Көмектесіңіздер!” “Өрт шықты!”) деп айқай салыпты. Бастапқыда бұл дауыстарды естіген өрт сөндірушілер үйде адамдар қалып қойған ба деп, көмекке ұмтылады.
Жетіп барса, адамдарша сөйлеп, айқай салған тотықұстар екен. Құтқарылған құстарға оттегі беріліп, емдеуге жіберілді. Дәрігерлер олардың жазылып кетеріне сенімді, деп жазады epochtimes.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
АҚШ-тың құмырадан шығарған "жыны"...

■
Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатып жіберді...

■
Саудия билігі "Таблиғи жамағаттан" төнер қауіпті атады (видео)

■
Ресей тәліптер қозғалысын террористік ұйым деп танудан бас тартуға дайын

■
Әлі күнге құл иеленушілер мен құлдар елі барын білесіз бе (фото)