Өрмекшілер безгек ауруының алдын алды (фото)
Өрмекшілер безгек ауруының алдын алды (фото)
2 жыл бұрын 2558 islam-today.ru

Алғаш қараған адамда: Ағаштарды қаптап тұрған не екен? - деген заңды сұрақ туатыны рас. Бұл тұман да, шаң да емес. Бұл кәдімгі өрмекшінің өрмегі (торы). Тордың ұзындығын есептер болсақ, пәленбай шақырымға жетері анық. Бұл өрмекші жауған күн болды. Пәкістанда орын алған бірнеше айлық су тасқынынан кейін осындай таңғажайып көрініс пайда болды. Өрмекшілер ағаштарды тормен қаптап, өздері соның ішіне жасырынған.

Осы су тасқынынан кейін елде безгек ауруының көрсеткіші күрт төмендеген. Су тасқыны кезінде өрмекшілер безгек ауруын тарататын безгек масаларының көзін жойып үлгеріпті. Топшылауымызша безгек масалары да әлгі өрмекшілер құрған торды тасалап, аман қаламыз деп ойласа керек. Бірақ өрмекшілер әлгі масаларды құшақ жая қарсы алмапты. 

1 пікір