Оқушылар қосымша пән ретінде Құранды таңдады
Оқушылар қосымша пән ретінде Құранды таңдады
10 жыл бұрын 3447

Түркияның орта мектептерінде білім алып жатқан оқушылардың дені қосымша пән ретінде қасиетті Құран оқуды таңдаған. Осылайша қасиетті Құран қосымша пәндердің арасында ең үздік үштікке енді.

Елдің білім беру министрлігінің мәліметіне қарағанда, алты миллион оқушының 879 335-і математиканы қолай көрген. Ал, ағылшын тілін таңдағандардың қарасы – 851 641. Қасиетті Құранға ден қойғандар – 882 522.

Бұған қоса оқушылардың дені қосымша пән ретінде МұхаМмед пайғамбардың (с.а.у.) өнегелі өмірін оқуды артық көрген. Яғни, қосымша пәндердің арасында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғұмырбаяны бесінші орынға жайғасқан – 435 177 оқушы.

0 пікір
Мұрағат