Оқушы қыздарға мектепке орамал тағуға тыйым салынды
Оқушы қыздарға мектепке орамал тағуға тыйым салынды
5 жыл бұрын 2397

Өзбекстанда шенеуніктер директорлардан мектептің кіре берісіне арнайы кезекші қойып, орамал таққан қыздарды кіргізбеуге талап етіп жатыр, деп жазады ernur.kz порталы centralasian.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Мектеп директорларының қатысуымен өткен жиналыста білім басқармасының өкілі бұл жоғары жақтан келген тапсырма деген.

"Мектеп ішінде ата-ана емес, сіздер қожайынсыздар. Ата-аналар үйлерінде бастық болсын. Мектепте оқушылар біздің талапқа сәйкес киінуі тиіс. Олардың бізге ультиматум қоюға құқығы жоқ", - деген жиналыс кезінде.

Өзбекстан үкіметі 2018 жылы мектептерде қандай да бір діннің киімін киюге тыйым салатын ереже қабылдаған. Сарапшылар Ташкент және Ферғана облыстарында мектепке орамал тағып баратын қыздар басқа аймақтарға қарағанда көп, дейді.

0 пікір
Мұрағат