Онлайн-ойынды қимаған әйел интернет-кафеде босанды
Онлайн-ойынды қимаған әйел интернет-кафеде босанды
9 жыл бұрын 3744

Онлайн-ойынды қимаған әйел интернет-кафеде босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "24.kz" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Оқиға Қытайдың Наньчан қаласында болды, әйел қыз баланы дүниеге әкелді.

"Әйел ойнап жатқан компьютер ойынын тоқтатуға қимағандықтан, баланы еденге туа салысымен қайтадан ойынға кірісіп кетіпті",  - деп жазады қытайлық басылымдар. Ал сол кезде интернет-кафеде отырған өзге келушілер жылаған сәбидің дауысын естіп келіп, не болғанын бірден түсіне қойған. Олар жаңа туған баланы киімге орап, жедел жәрдем шақыртқан.

Айта кетейік, кейін 24 жастағы ананың отбасымен болған кикілжіңнен соң ашуланып, үйінен кетіп қалғаны анықталды. Ал интернет-кафеге ол жігітін күте тұру үшін барыпты. Бұл оқиғадан кейін оның туыстары мен баланың әкесі хабарды ести салысымен, бірден ауруханаға барды.

1 пікір
Мұрағат