Өндіріс орындарының зиянды қалдықтарды қалай тастайтынын спутникпен қадағалайды
Өндіріс орындарының зиянды қалдықтарды қалай тастайтынын спутникпен қадағалайды
12 күн бұрын 250 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жердегі фабрикалар мен зауыттардың зиянды қалдықтарды қалай тастайтынын ендігі жерде жасанды жер серігімен бвқылайды. Жасанды интеллекті технологиясымен айналысатын коммерциялық емес WattTime ұйымы спутниктік визуалды барлау технологиясын пайдалана отырып, жер бетіндегі әрбір өндіріс орнының атмосфераны қаншалықты ластайтынын қадағалайтын болады. Нақты уақыт режимінде. Аталмыш спутник алынған мәлімет пен ақпаратты интернетте жариялап отырады. Атмосфераға зиянды қалдықтарды тастау деңгейіне қатысты мониторингтің әлсіз болуы, бақылау нәтижесін бұрмалап көрсету өз кезегінде билік орындарының қоршаған ортаны ластауды азайтуға қатысты қабылдаған шараларының тиімділігіне күмәнмен қарауға итермелеуде. Міне, осындай себеппен бұл шара қолға алынып отыр. Спутниктен алынған мәліметтерді ашық дерек көзіне, яғни, интернетке жариялау арқылы зиянды қалдықтарды тастаушылармен күресті күшейтпек. Сөз орайы келгенде айта кету керек, әлем тұрғындарының ерте өлуіне өз әсерін тигізетін негізгі факторлардың арасында ауаның ластануы жатады. Жыл сайын 5 млн адам ауаның ластануынан көз жұмады екен.

0 пікір
Мұрағат