Он жылдан соң Түркия азаматтарының қарасы 100 млн-ға жетеді
Он жылдан соң Түркия азаматтарының қарасы 100 млн-ға жетеді
5 жыл бұрын 2316 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның статистика институты (TÜİK) келтірген дерекке қарағанда, 2030 жылға қарай Түркия тұрғындарының саны 17 млн адамға көбейіп, 100 млн адамға жетеді. Түріктердің Anadolu Ajansı ақпарат агенттігі таратқан хабар бойынша өткен - 2018 жылы Түркия азаматтарының саны 81 867 223 адамды құраған. Биыл бұл көрсеткіш 82 886 421 адамға жетеді. Ал 2030 жылға қарай Түркия азаматтарының қарасы 99 754 923 адамды құрайтын болады. TÜİK сарапшылары тек аталған жылмен шектеліп қалмай, 2040 жылға да демографиялық болжам жасаған еді: аталған мерзімде түркиялықтар қарасы 100 331 233 адамға жетеді, олардың 50 620 203-ін ер-азаматтар құрайды, ал әйелдер саны 50 269 30 адамға жетпек. 

0 пікір
Мұрағат