Омырауын жалаңаштап түскен суретті ғаламторға орналастырған әйелдер жазаланады
Омырауын жалаңаштап түскен суретті ғаламторға орналастырған әйелдер жазаланады
9 жыл бұрын 3987

Таиланд билігі елдегі әйел жұрағатына омырауын (біздіңше әурет жерін – ред.) жалаңаштап суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге орналастырғанды қатаң жазалайтыны турасында ескерту жасады. Қатаң жазалағанда да абақтыға жабады. Бұл елдің 2007 жылы қабылданған компьютерлік қауіпсіздік туралы заңында ғаламторға қоғамды дүрліктіретін және арсыздықты насихаттайтын материалды орналастырғандарға жаза қарастырылған.  Таиландтың мәдениет министрлігі омырауын жалаңаштап түскен суретін әлеуметтік желілерге орналастырған әйелдердің бес жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат