Өлімнің өзінен бұрын ырымынан қорқады...
Өлімнің өзінен бұрын ырымынан қорқады...
6 жыл бұрын 4283 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әрбір үшінші ресейліктің туысы немесе жақын адамы айықпас дертке шалдыққан. Алайда, өлім қоғамда жабық тақырыпқа айналған: әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың жартысы өлім тақырыбында сөйлесуден қашқан. Респонденттердің 37 пайызы мұның себебін ажалды мезгілінен бұрын шақырумен бірдей көреді. Бұл жайында «Левада-центр" орталығының зерттеу нәтижесінде айтылған. Ал жауап бергендердің дені (69 пайызы) өліммен байланысты тақырыпты қозғаудан ада-күде бас тартқан. Тек 14 пайызы қайда жерленгісі келетінін жасырмаса, он пайызы бұл тақырып бойынша мұрагерлік мәселесі толғандыратынын, ал алты пайызы өмірінің соңғы сәттерін қайда өткізгісі келетінін жеткізген. Тек үш пайызы ғана өмірдің өлшеулі, жалған екеніне өзегі өртенетінін тілге тиек еткен. Қызық болғанда, өлім-жітімге куә болып жүрген денсаулық сақтау қызметкерлерінің 81 пайызы өлім аузында жатқан пациентке жете көңіл бөлінбейтінін мойындаған. Әлеуметтанушылар өліммен байланысты рәсімдер де (мұрагерлік қалдыру, ақтық сапарға шығарып салу, т.б.) мәдениеттің бір ажырамас бөлігі болып табылатынын айтып отыр. Айта кету керек, өлім тақырыбына қатысты әлеуметтік сауалнама мамыр айының 21-28 күндері аралығында жүргізілген және оған 2106 адам қатысқан. Олардың 506-ы - дәрігер. 

0 пікір
Мұрағат