Өлім-жітімде де ысырапшылдыққа жол берілмеуі тиіс
Өлім-жітімде де ысырапшылдыққа жол берілмеуі тиіс
9 жыл бұрын 2869

Қасиетті Құран үкімдері мен Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүннетіне сай өлім-жітімде де ас та төк ысырапшылдыққа жол берілмеуі тиіс. Алатаудың ар жағындағы ағайындарға осындай талап қойылып отыр. Бұл жайында «Интерфакс» ақпарат көзі хабар таратты.  Дәлірегі, Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті билік пен діни жетекшілер жерлеуге кететін шығынды азайту жөнінде бастама көтерді. Нақтырақ айтқанда, Жалал-Абад облысына қарайтын Ала-Бөкен елді-мекенінде жергілікті билік пен аудандық діни басқарманың өкілдері осы мақсатта арнайы шараларды қолға алуға ниеттеніп отыр. Атап айтқанда, «жергілікті имамдар ас беру кезінде ірі қара сойылса, жергілікті имамдар дұға оқымауына болады». Бұл бастама бұрын да көтерілген болатын. Алайда, өз нәтижесін берген жоқ. Сол себепті, жергілікті имамдардың көмегіне жүгінуіне тура келген. «Біздің ойымызша, егер имам жаназа намазын оқымай қойса, адамдардың ысырапшылдыққа баруына тосқауыл қояр еді»,- деп айтылған аудан әкімдігінің үндеуінде. Біздегі секілді қырғыздар да марқұмды ақтық сапарға шығарып саларда көп шығынданады. Ішінара айтқанда, ірі қара немесе жылқы сойылады. Тұрмысы төмен отбасылар жағдайы келмесе де қарызданып-қауғаланып, өлік жөнелтуде артық шығынданады. «Ар-намыс» фракциясының депутаты Қаныбек Османалиеваның сөзіне қарағанда, 2010-2011 жылдар аралығында ел тұрғындары өлік жөнелту үшін жылына 50 млн долларға шығынданған екен. 

1 пікір
Мұрағат