Өлім жазасын қайта енгізуге күш салып жатыр. Қандай мақсатта?
Өлім жазасын қайта енгізуге күш салып жатыр. Қандай мақсатта?
7 жыл бұрын 3574 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сәуір айының 16-ы күні өзінің құзыретін кеңейтуге қатысты өткізілетін референдумнан кейін ел парламентінің өлім жазасын қайта қалпына келтіру туралы заңды қабылдайтынына үміт білдіретін айтып, мәлімдеме жасады. Өткен сенбіде. Айта кетейік, аталмыш елде өлім жазасы 2004 жылы күшін жойған болатын. Еуроодаққа ену мақсатында. Егер мемлекетте өлім жазасы қайта енгізілетін болса, онда Түркияның Еуроодақ құрамына енуге осы уақытқа дейін жұмсаған барлық күш-жігері зая кететін болады. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты. «Шілде айының 15-і күні сәтсіздікке ұшыраған төңкеріс құрбандары мен қаһармандарының отбасы алаңдамай-ақ қойсын. Алла қаласа, өлім жазасын қалпына келтіру талабын орындау үшін сәуір айының 16-ы күні парламент дауыс бергеннен кейін барлық қажетті нәрселерді орындайды»,- деді ол мәлімдемесінде. «Маған келсек, оны ойланып-толғанып жатпастан мақұлдар едім»,- деді ол. Ердоған ЕО жетекшілеріне өлім жазасын енгізу турасында бірнеше рет ескерту жасаған болатын, алайда, парламентке осы мәселе бойынша алғаш рет үндеу жариялап отыр.

0 пікір
Мұрағат