Өлген саяхатшының күлі әлі «кезіп» жүр
|
Үстіміздегі жылдың жаз мезгілінде жол-көлік апатынан қаза тапқан америкалық велосаяхатшы Рона Макгертидің күлі салынған қорап тиісті құжаттары толық болмағандықтан Ресей аумағын әлі «кезіп» жүр.
Дәлірегі, шілде айының 24-і күні 61 жасында қайтыс болған америкалық саяхатшының сүйегі крематориде өртеліп, оның күлі арнайы қорапқа салынады. Бостон қаласының тұрғыны Рона Макгертидің күлін Польшадағы туысқанына жөнелту үшін пошта операторына табыс етілген. Алайда, пошта Рона Макгертидің күлі салынған қорапқа қатысты құжаттарды талап етіп, қабылдап алудан бас тартқан. Көзі тірісінде алпыстан аса елді шарлаған саяхатшының күлі әлі күнге жер қойнына тапсырылған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді