Ойын алаңында футболшының жүрегі сыр берді
Ойын алаңында футболшының жүрегі сыр берді
2 жыл бұрын 1042

Бельгия біріншілігіне таласу матчы кезінде "Генка" командасына қарсы ойын өрнегін көрсеткен "Локерен" футбол клубының 24 жастағы мүшесі Грегори Мертенстің жүрегі жасыл алаңда сыр берді. Оны дереу аурухана жеткізіп, жасанды комаға түсірді. Бұл жайында "Интерфакс" ақпарат көзі хабар таратты. "Генком" мен "Локерен» арасындағы ойын осыған байланысты аяқталмай қалды.

 

Давид Лория балаларын қазақ тілін білуге міндеттейтінін айтты

Отандық футболдағы ең танымал қақпашылардың бірі Давид Лория өз балаларына қазақ тілін үйретпекші.
Бұл туралы ол gonzo.kz-ке берген сұхбатында айтқан.
Бүгінде жұбайы екеуі Дани есімді ұл, Лия есімді қыз тәрбиелеп отырған Давид павлодарлық «Ертістің» намысын қорғайды.
Сұхбат барысында футболшы ойынға байланысты түрлі қалаларда жүрсе де, бала тәрбиесін бірінші орынға қоятынын айтқан.
«Үнемі оқу-жаттығу жиындарынан босай алмайтын мен, өкінішке қарай, отбасымды сирек көремін. Жиын арасында үйіме бар болғаны 3-4 күнге келемін. Сол уақытта балаларыма барымша көңіл бөліп, сағынышымды басамын», – дейді ол.
Сонымен қатар, Давид Лория болашақта балаларының үш тілді меңгеріп шыққанын қалайтынын айтты.
«Мен балаларым қазақ тілін білуге міндетті деп есептеймін! Туған отанымыздың тілінде сөйлей алмау – біздің қателігіміз, біздің буынның қателігі. Алайда, әдістемеліктер мен оқулықтар арқылы қазақ тілін үйреніп алу қиын емес. Мен балаларымның қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөйлегенін қалар едім», – деді елімізге танымал қақпашы.

 

Жасыл алаңда әділеттілік пен ізеттіліктің үлгісін көрсеткен футболшылар (видео)

Назарларыңызға ұсынып отырған видеода футболдағы жан тебіренерлік ізеттілік пен әділеттіліктің үлгілі көріністері бейнеленген.
Бұл видеода жарыс алаңында әділеттілік танытқан футболшылардың адамгершіліктері, жанкүйерлерге құрмет көрсеткен ізеттіліктері, ойыншылардың бір-біріне деген сый-құрметі көрініс тапқан. Сондай-ақ, төреші қателескенде қайсыбір футболшылардың шындықты айтып, адалдық танытқан сәттері де енгізілген. Бәрі де өздеріңізге таныс – әйгілі футболшылар. Ең соңғы видеода тілін жұтып қойған футболшыға бірден қарсы команданың ойыншысы ұмтылып, оны жазатайым жағдайдан, тіпті, ажалдан құтқарып қалады...

 

Ашуға булыққан футболшы қақпаға маңдайын соқты (видео)

Исландиялық футболшы Эйдур Сигурбьорнссон ашу салдарынан басымен қақпа маңдайшасын сындыра жаздады. Бұл туралы Eurosport хабарлады.
"Эребру" командасының 25 жастағы қорғаушысының бұл әрекетіне Швеция чемпионатындағы матчте "Сундсвалльға" қарсы ойнап жатқанда қарсыласының гол соғуы себеп болған.
Бұл кездесуде бұлардың құрамасы 1:3 есебімен жеңілді. "Эребру" 4 турда бір ұпай ғана жиып, турнир кестесінің соңына сырғыды, деп хабарлады Vesti.kz.

 

Роналду абайсызда доп тигізіп алған балаға футболкасын тару етті (видео)

Атақты футболшы Криштиану Роналду "Реал Мадрид" – "Атлетико" матчы алдындағы жаттығу кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды. Бұл жайында Bnews.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Футболшының қақпаға қарай бағыттаған добы жанкүйерлер қатарында плакат көтеріп тұрған балалардың біріне тиіп кетеді. Көзі жасқа толған жеткіншектің алдында кінәсін жуып-шаю үшін спортшы үстіндегі футболкасын шешіп, оған сыйға берген.
Айта кетсек, стадионда кезекшілік атқарып жүрген ақ халаттылар дереу баланы тексеріп шығып, уайымдайтын еш нәрсе жоқ екенін айтты.

0 пікір