ОАР мұсылмандары зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды
ОАР мұсылмандары зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды
9 жыл бұрын 2882

Оңтүстік Африка Республикасының мұсылман жамағатының жетекшілері ел азаматтарын ксенофобиялық зорлық-зомбылықта тоқтатуға және татулыққа шақырды. Бұл жайында News24.com ақпарат көзі хабар таратты. Күні кеше елдегі ұлтшылдардың қолынан 7 адам қаза тапқан болатын. Тәртіп сақшылары осы дүрбелеңге кінәлі 300-ге жуық адамды тұтқындады. Кейптаун қаласындағы ислами білім беру орталығының өкілі Сайд Мұһаммед елдегі мұсылмандардың ксенофобиялық шабуылдың құрбанына айналғанына алаңдаушылық білдірді. Осы жұма намазы кезінде ұлтшылдықтың залалы мен зардабы жайында уағыз айтуды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат