ОАР мұсылмандары оқшауланып қалды
ОАР мұсылмандары оқшауланып қалды
2 жыл бұрын 544

Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттік келтірген дерекке қарағанда, Орталық Африка Республикасында бес жүзге тарта мұсылман әлемнен оқшауланып қалған. Аталмыш агенттік мамандары оларды көшіру керектігін алға тартып отыр. Осы мәселе ждуырда ОАР билігімен талқыланатын болады. Негізінен фульба ұлысынан шыққан мұсылман жамағаты осы елдің батысында орын тепкен Ялоке қаласында тұрып жатыр. Осыдан 9 ай бұрын мұсылмандарға күн көрсетпей келген «Анти-балака» тобының содырларынан қашып келген болатын. Олар бұл жерде БҰҰ мен Францияның бітімгершілік күштерінің қорғауында. Десе де, олар қауіпсіздік мәселесіне байланысты өзге елді-мекенге шыға алмайды. Босқындарға арналған лагерде тұрып жатқан олардың санитарлық-тазалық талаптары сын көтермейді. Өтіп бара жатқан жылдың сәуір айы мен желтоқсан айының арасында 40 адам ауыр тұрмыстан, жағдай жоқтықтан 40 адам қаза тапқан. Олардың 13-і балалар. Балалар безгек пен аштықтан көз жұмған.

0 пікір