ОАР-да жүздеген мұсылман аш отыр
ОАР-да жүздеген мұсылман аш отыр
9 жыл бұрын 3995

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының есебінде айтылғандай, Орталық Африка республикасында жүздеген мұсылманды «Анти Балака» содырлары былайғы әлемнен оқшаулап ұстап отыр. Азық-түлік тапшылығынан өлместің күнін көріп отыр. Бұл жайында Time ақпарат көзі хабар таратты. «Анклавтағы мұсылмандардың алдында екі таңдау тұр: не бұл жерден кетіп, «Анти Балака» содырларымен алысып, аман қалудың жолын іздеуі керек немесе аштықтан, аурудан қырылады»,- деді  HRW ұйымының өкілі Льюис Мадж. Сондай-ақ, ол ел билігінің оқшауланған мұсылмандарды қауіпсіз жерге көшіру шарасының сын көтермейтінін тілге тиек етті. Аталмыш ұйым өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштерінің тиісті деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмай отырғанына байланысты сын айтты. 

0 пікір
Мұрағат