Нью-Йоркте жылдамдығы жоғары гондола желісі іске қосылады
Нью-Йоркте жылдамдығы жоғары гондола желісі іске қосылады
10 жыл бұрын 3775

Автокөліктердің шектен тыс көбеюі осы заманғы мегаполистердегі қозғалысқа кедергі келтіруде. Яғни, кептелістен қала тұрғындары ығыр болғанын ескерсек, әрі арзанға түсетін әрі экологиялық жағынан аса тиімді осынау жобаның қаншалықты маңызды екенін аңғарасың. East River Skyway компаниясы осы мәселені шешу үшін Нью-Йорк шаһарында жылдамдығы жоғары гондола желісін іске қосуды жоспарлап отыр. Аспалы жол Манхеттен, Бруклин және Квинс аудандарының арасынан тартылады. Инженерлердің сөзіне қарағанда, гондола сағатына 5000 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Сонымен қатар, гондолдар туристер қатарының артуына да ықпал етуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл жоба әзірлену үстінде болғандықтан аталмыш желінің қашан іске қосылатынын турасында ақпарат жоқ.

0 пікір
Мұрағат