Нью-Йоркте Израиль басқыншылығына қарсы жөйттер тұтқындалды
Нью-Йоркте Израиль басқыншылығына қарсы жөйттер тұтқындалды
2 жыл бұрын 648 www.islamnews.ru/

Нью-Йорк полициясы «Израиль әскерінің досы» ( FIDF) деп аталатын ұйым ғимаратының алдында Газа секторындағы сионистік агрессияға наразылық білдірген жөйттердің ондаған белсендісін тұтқындады. «Бейбітшілік үшін жөйттер үні» (JVP) және «Жөйттер жоқ дейді» (JSN) ұйымдарының мүшелері Манхэттендегі FIDF кеңсесінің алдында жарты сағаттай тұрған. Олар FIDF-тен Израиль әскеріне қаржылай қолдау көрсетпеуді талап етті. Сондай-ақ, Израилдің өктемдігі мен озбырлығынан жапа шегіп отырған палестиналықтарға қолдау білдіріп, иврит және ағылшын тілдерінде ән шырқады. Бұған қоса, Газа секторында израаилдіктердің оғынан опат болған 600-ден аса тұрғындардың есімдерін атады. 

FIDF – бірнеше миллиондаған активтері бар, АҚШ-та негізі қаланған ұйым. Израиль әскеріне қаражат жинаумен айналысады. Израилдің әскери жорығына қарсы наразылық шеруі тек Нью-Йорк мегаполисінде ғана емес, сонымен бірге, өткен аптада Чикаго қаласында да өтті. Дәлірегі,  JVP-тің Чикагодағы бөлімшесінің белсенділері Израиль әскерін ұшақтармен және тікұшақтармен жабдықтап отырған «Боинг» әуекомпаниясы өнеркәсібінің алдында да өткізген болатын. Сондай-ақ, Чикагода жексенбі күні он мыңдаған адам Израиль агрессиясына наразылық білдіріп, көшеге шыққан еді.

0 пікір