Нью-Йорк тұрғыны алқабилердің қателігінен түрмеде 22 жыл отырған
Нью-Йорк тұрғыны алқабилердің қателігінен түрмеде 22 жыл отырған
2 жыл бұрын 587

1990 жылғы ақпанда Нью-Йорктегі Бруклинде белгісіз біреулер зергерлік дүкеннің курьерін атып, тонап кеткен. Еш жерде жұмыс істемейтін Дэвид Ранта жазатайым қылмыс орнынан табылып, полиция оны тұтқынға алған. Бұл жайында nur.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Оған қарсы заттай айғақ болмаған, алайда алқабилер куәгерлердің айғақтарын негізге алып, оған кісі өлтірді деген айып тағады. Өз кінәсін мойындамаған ер адамды 37 жылға бас бостандығынан айырады.

22 жылдан кейін ғана куәгерлер полицейлер тергеу жүргізу кезінде қысым көрсеткендіктен Дэвидтен көргендерін айтқан. Прокурорлық тексеріс куәгерлер айғақтарының жоғалғанын анықтап, тергеу бастады. Куәгерлер жалған айғақ бергендерін мойындады.

Түрмеде отырған кезде Дэвидтің ата-анасы қайтыс болған. Өзі жақында ата атанады. Себебі қызы кішкентайлы болмақ. Әкесін тұтқындаған кезде қызы небәрі екі жаста болған, деп жазады шетелдік БАҚ.

0 пікір